Күндер
Кету күні

09.06.2023 - 19.06.2023

Туристер саны

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді

Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтары үшін екі бағытта да визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Сыртқы істер министрлігінің тиісті қаулы жобасы Open NLA порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстан аумағында шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз бола алады.


Тараптардың бiрi мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында белгiленген мерзiмнен артық болуды көздесе, олар мемлекет аумағына келмес бұрын тиiстi виза алуға өтiнiш беруi тиiс.


Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

- Қазақстан Республикасына қайту туралы куәлік.


Қытай азаматтары үшін:

- Қытай азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;

- Қытай азаматының төлқұжаты;

- уақытша жол жүру құжаты.


Тиісті құжаттарға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қытай Сыртқы істер министрі Цинь Ган қол қояды.


«Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді», - делінген қаулыда.


Сондай-ақ оқыңыз